Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Ақтөбе  облысының  мәдениет, архивтер  және  құжаттама  басқармасы мен аталған кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру»

бағдарламасы аясында және заманауи кітапхана жұмысын жүйелеу, іс-тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында конференция  ұйымдастырылды.

Конференция барысында жастар коворкинг орталығы ашылды.  Орталықтың ашылу барысында Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті Айгүл Дюсенова мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Калдина бірлесе жұмыс жасау мақсатында өзара меморандумға қол қойды.

Меморандум мақсаты – ҚР Президенті Жолдауындағы жастар саясатына қатысты негізгі мақсат-міндеттерді бірлесе атқару, соның ішінде білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық жобаларды ұйымдастыруда өзара тиімді қарым-қатынас орнату, ғылыми, педагогикалық жұмыстарды дамыту, педагогтарға қолдау көрсету, жастар арасында тұрақты ақпарат алуды ұйымдастыру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>