Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Қарғалыда маңызды кездесу өтті

Қарғалы ауданының Бадамша ауылында “Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету” жобасының аясында екінші топ мүшелері тұрғындармен кездесу өткізді. «Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы»

ЗТБ-нің атқарушы директор Ерәділ Уббиниязов ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата аналармен кездесіп, оларды мазалайтын көптеген маңызды мәселелерді талқылапы, жергілікті басшылардан әрбір мәселені ескеріп, шешімін табуды сұрады.

— Ата-аналарды жоспарлы екпелерді уақытында алу, сапалы дәрі дәрмектермен қамтамасыз ету, невропатолог, психолог мамандарының тапшылығы, психолог-педагогикалық түзету кабинетіне қосымша штаттық бірліктер бөлінуі, мектепке дейін білім беру және медициналық мекемелердің қызметкерлердің ерекше балаларға деген көзқарасын өзгерту, емдік шаралар алу үшін демалыс орындарына уақытында жолдама берілуі мәселелері толғандырады. Барлық ата-ананы тыңдап, осы мәселелердің тезірек шешу жолдарын қарастырдық, — дейді Ерәділ Уббиниязов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>