Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Ағымдағы жылдың 1 тамызында облыс бойынша бүгінгі таңда жұмыс істемейтін

Ағымдағы жылдың 1 тамызында облыс бойынша бүгінгі таңда жұмыс істемейтін, таралу сатысында тұрған, уақытша жұмысын тоқтатқан үкіметтік емес ұйымдардың жабу мәселесіне қатысты кездесу ұйымдастырылды. Шараға қатысқан қоғамдық ұйымдардың төрағаларына әділет және мемлекеттік кірістер департаменттерінің, кірістер басқармасының мамандары үкіметтік емес ұйымдардың жабу жолдарын, құжаттар жинақтау, есептерді тапсыру және осыған қатысты жауапкершілік туралы түсіндірді. 

Қазіргі таңда облысымызда 866 үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 705-і Ақтөбе қаласында, ал 161-і аудандарда тіркелген. А.ж. қаңтар айының мәліметі бойынша, Ақтөбе қаласында тіркелген 705 ұйымның 213-нің статусы жұмыс істемейтіндер (бездействующий), таралу сатысында тұрғандар (на стадии ликвидации), уақытша жұмысын тоқтатқандар (временно приостановлен) және т.б. 

Шара соңында жоғарыда аталған мәселені шешу бойынша мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйым өкілдерінің тараптарынан бірқатар ұсыныстар берілді.  

@cisc_official (https://instagram.com/cisc_official?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==)

@aqtobe_saiasat  (https://instagram.com/aqtobe_saiasat?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>