Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

ҮЕҰ МҮШЕЛЕРІ: ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚ!

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, облыста карантин енгізілгелі өңірдегі қоғамдық ұйымдар білектерін түріп жіберіп, дәл осындай жағдайда қоғам үшін аса маңызды шараларға белсене қатысуға, қайырымдылық жасауға кірісті.

Олар жаман індеттің алдын алуға бағытталған жұмыстарға, мұқтаж адамдарға азық-түлік, басқа да қажетті заттар апарып беруге,  қалада жүрігізіліп жатқан рейдтерге, төтенше жағдай тәртібін сақтауға бағытталған басқа да жұмыстарға белсене қатысып жатыр. 

«SHANIRAQ Aqtobe» қоғамдық қоры#BizBirgemiz қайырымдылық акциясына үлес қосты.

— Еліміз үшін расымен қиын күндер туды. Қазір кім-кімге де оңай емес. Әсіресе, дәрігерлер мен медқызметкерлер, полиция және әскерилерге  оңай болмай тұр. Бизнестің де жағдайы нашарлай түсті. Экономика да дағдарысты бастан кешпек. Қарапайым халықтың жағдайы да мәз емес. Коронавирусқа шалдыққандар саны күн санап көбеюде. Осындай кезеңде елге көмек беріп, қол ұшын созатын жандар әсте керек. Қиындық туғанда бірігу – қазақтың қанында бар нәрсе. Ортақтасып,  күш салсақ,  бұл дертті де жеңе аламыз. Қазақта сөз бар ғой «көп түкірсе — көл болады». Бес саусақтай бірігіп, жұмыла көтеріп, жүктің жеңілдігіне ат салысайлық, ағайын!Қиын-қыстау заманда елдің бірлігі, амандығы үшін тірлік ететін жақсы адамдар табылады. Ондай қайырымды жандар қай заманда да болған, бола бермек. Бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әлемді жайлаған коронавирус дертін ауыздықтап, бейбіт, мамыражай күй кешетін күнге жетейік! — дейді қоғамдық қор мүшелері.
«SHANIRAQ Aqtobe» қоғамдық қоры Рамазан айының алғашқы күнінде де #BizBirgemiz қайырымдылық акциясына үлес қосты. Олар Ақтөбе қаласындағы кәсіпкерлер мен волонтерлердің көмегімен аз қамтылған және жалғызбасты 300 отбасының үйіне бірінші қажеттіліктегі азық-түлік жиынтықтарын жеткізуді бастады.

Аталған қоғамдық қордың мүшесі Еділ Аймағамбетовтің айтуынша, әр отбасына 20 мың теңгеден асатын азық-түліктің 13 түрі енген жиынтықтар үлестірілуде.

— Акцияға қаланың шағын және орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер, азық-түлік дүкендерінің иелері және қала тұрғындары белсене қатысуда. Көмек көрсетуге ниетті көптеген еріктілер де есімдерін жарияламай-ақ қаржылай қолдау білдіріп, азық-түліктерді үйлерге таратуға қол ұшын созуда. Бүгінгі шараға 60-қа жуық адам атсалысты. Акция барысында алдымен мұқтаж отбасылардың тізімі құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Олардың көпшілігі қала сыртындағы саяжайларда тұрады. Карантин режимі аяқталғанша қайырымдылық шаралары жалғасатын болады. Қазіргідей сын сағатта сауапты істің қасынан табылып, жұмыла көмек көрсетіп жатқан жомарт жандарға ризашылығымызды білдіреміз, — дейді Еділ.

Еділ Аймағамбетовтің айтуынша, акция басталғалы қолдап, кейбір кәсіпкерлер атының аталмауын сұрап 1 тонна картоп тегін бесе, енді бірі жеңілдік жасап көмектескен:

— Қоймасына азық-түлікті қойуға рұқсат берген «Ак-Руно» және сүт өнімдерінің 5/2 бөлігін тегін ұсынған «Айс» компанияларына рақметімізді айтамыз. Бұл акциямыз жалғасады, сол үшін сізде атсалысыңыз. Осындай қыйын уақытта өзін ғана ойламай өзгеніде ойлаған жандар бар екендігін, қазақ біріксе ғана қазақ болатынын көрсетті. Жақында қала еріктілері қосылып, болып жатқан індеттең еліміз аман болсын деп бір сиырды құрбан шалып, қиналып отырған қала тұрғындарына бөліп таратқан болатын, — дейді ол.

#BizBirgemiz қайырымдылық акциясына «Қызыл ай» қоғамының облыстық филиалы да үлес қосты.  Достық үйі ғимаратында Іскер әйелдер кеңесі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы және «Қызыл ай» қоғамының облыстық филиалы медицина медбикелеріне жұқпалы ауруға қарсы гигиеналық құрал-жабдықтар, сонымен қатар аз қамтылған, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға азық-түлік пакеттерін таратты.

Мұндай мейірімді іске ақтөбелік кәсіпкер әйелдер, Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері атсалысып отыр. Еріктілер тізім бойынша берілген заттарды мекен-жайларға жеткізеді.

— Облыстық «Қызыл ай» қоғамының филиалы қай уақытта да қайырымдылықпен айналысып келеді. Пандемияға қарсы күресу жұмысымыздың бір бөлігіне айналды. Елімізде төтенше жағдай жарияланасымен біздің филиал мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, аурудың алдын алу, мұқтаж азаматтарға гуманитьарлық көмек көрсету сынды жұмыстарға белсене араласа бастады. 

Бізге келіп әлеуметтік жағдайын түсіндіретін адамдарды тексеріп, кезекке қоямыз. Қазір 300-ге жуық адам кезекте тұр. Демеуші болмағандықтан купон таратып, өзіміздің кейбір бағдарламаларымыздан түскен қаражатты осындай игі істерге аударамыз. Біздің еріктілер азық-түліктерді үйлерге дейін апарып беріп жатыр, саяжайларға да жеткізді. Ең бастысы, осындай қиын жағдайда бірлігімізді жоғалтпауымыз керек, — дейді филиал директоры Нұрлан Үдербай.

Ел бойынша төтенше жағдай жарияланғаннан бері көптеген мүгедек адамдар үйлерінде отыр. Бұрыннан да көбінің қозғалыс мүмкіндіктері шектеулі болған, енді тіпті жіпсіз байлануда.
Өмірлік қиын жағдайда мүгедектер отбасына қолдау көрсету үшін “Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры” және қор жанынан құрылған “Д.А.Р” волонтерлар клубымен бірге 200 мың тг.көлеміндегі қаражатқа қиын кезеңде қажет болар деп азық-түлік қорын жасақтап қойған.
“Д.А.Р” волонтерлар клубының мақсатты тобы мүгедек адамдар болғандықтан жинақтарды жеткізу қызметін де волонтерлар атқарады.
“Олармен байланыс жасау үшін вацап желісін пайдалану тәжирибесі бұрыннан бар. Бұрыннан вацап топтарға, хабарландыру, құлақтандыру мақсатында, түрлі ақпараттар жіберіп келетінбіз.
Ендігі жерде мүгедектігі бар азаматтарды бірлікке, шыдамдылыққа, төзімділікке және өзара көмекке шақырып жатырмыз. Азық-түлікке мұқтаж адамдар бізге өз беттерімен хабарласып, жағдайларын айта бастаған кезде, осындай сұранымдар бойынша, арнайы тізімдер құрылып, азық-түлік жинақтары волонтерлар көмегімен үйлеріне жеткізілуде.

Тізімге тіркелген мұқтаж адамдар – қиын жағдайдағы мүгедектер, тыл еңбеккерері мен ардагерлер, аз қамтылған отбасылар.
Волонтерлар жеткізу барысында контактіге жол бермейді, яғни тек телефон арқылы байланысады. Пәтердің түймесін қағазбен басып, есік алдына пакетті қойып кетеді. Телефонмен хабарласып, пакетті алғандары туралы нақтылаймыз.
Наурыз мейрамына 50 отбасына азық-түлік пен ет таратсақ, енді тағы да тізімдерге тіркеп жатырмыз. Бүгін-ертен волонтерлар таратады.
Сонымен қатар үйде отырып тігін тігуден мүмкіндіктері бар волонтерлар маска тігіп жеткізуде, тарату барысында да басты назар мүгедектер отбасыларына аударылып отыр”,- деді аталған клуб үйлестірушісі Гаухар Жұмағазиева.
Сонымен қатар “Д.А.Р” клубының «СПОРТИКИ» тобының спорттық волонтерлары, спортшы мүгедек азаматтарға қолдау көрсету мақсатында, онлайн түрде бірге жаттығулар жасайды.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>