Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Рухани келісім – ел бірлігі мен тұрақтылықтың кепілі

Елдегі тұрақтылық — қоғамдағы бірлік пен берекенің кепілі. Ырысы мен ынтамағы жарасқан Қазақ елінің тәуелсіздігінің тұмары — татулық, бірлік болса керек-ті.


Жыл сайын 18-қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. 1992 жылдың 18 қазанында Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресінен бастау алған бұл атаулы күн — біздің көпұлтты һәм көпконфессиялы мемлекетіміздің бірлігінің, достығының мерекесі десек те болады.
Елімізде бірнеше этнос пен конфессия өкілдері өмір сүреді. Қазақ елі осы мақсаты ортақ түрлі ұлт пен дін өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіріп, ұлтаралық һәм конфессияаралық келісімнің бірегей — қазақстандық үлгісін жасады. Әлем тұтас мойындаған бұл бірегей үлгі бүгінде халықаралық аренада мойындалды.
Бүгін осы мерекеге орай «Рухани келісім – ел бірлігі мен тұрақтылықтың кепілі» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.
Қайырымдылық концертінің шымылдығы ашылғанда «№1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» директоры Бейсқалиев Ермек Сламғалиұлы, «Рухани келісім күніне» арналған мәдени-көпшілік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болып жүрген «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығы» ЖМ директоры – Дүйсенова Айгүл Егізбайқызы сөз алып, жиналғандарды  Рухани келісім күнімен құттықтады.
Одан әрі шара әдемі концерттік бағдарламамен жалғасты. Түрлі этномәдени орталық өкілдері ән мен күйден шашу шашты. Мәселен,  «Өмір бұлағы» христиан қауымының өкілі  Дауталина Дина «Халық термесімен» көрерменді тәнті етсе, православ жексенбілік мектебінің өнерпаздары ұйғыр халық биіне биледі.  Новоапостольск қауымының өкілі Резаев Валерий гитарамен «Чернобровая девчина» әнін шырқады. Өзге де этномәдени орталықтар мен қауымдар өкілдері өз өнерлерін көрсетті.
Елімізде бүгінде 130-дан астам ұлт пен 10 конфессия өкілдері тұрып жатыр. Ал Ақтөбе облысында 91 діни бірлестік өз қызметін жүзеге асыруда. Әлемнің кейбір елдерінде орын алған қақтығыстар мен қантөгістердің түп-тамыры бірлікке түскен сызаттан басталғаны айқын. Ал біздің елімізде әрқашан татулық патшалық құрады. Бұл — қазақ елінің кеңпейіл толеранттылығының, тәуелсіз мемлекеттің дұрыс саясатының дұрыс нәтижесі екені белгілі.
Айта кету керек, Рухан келісім күні барлық шаралар облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында және «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығы» ЖМ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>