"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Құрбан айт мерекесі облыс көлемінде атап өтілді

2018 жылдың 21-ші тамыз айында таңғы сағат 7:00-де өңірдегі барлық мешіттерде айт намазы оқылып, үш күнге созылатын Қасиетті Құрбан айт мерекесі бастау алды.

Осынау атаулы мерекемен Б. Машбекұлы қала және облыс жұртшылығын құттықтады. «Құрбан айт – ертеден-ақ халқымыздың тарихымен, өмір тіршілігімен біте қайнасып келген рухани мейрам. Еліміз егемендік алғаннан бері бұл мереке жаңаша серпінмен тойланып, кең көлемде атап өтілуде. Бұл мемлекетіміздің, Елбасымыздың руханиятқа жасаған ерекше қамқорлығы деуге болады», – деді Бердібек Машбекұлы. 
Қаламыздағы мешіттерде киіз үйлер тігіліп, көпшілік қауымға мерекелік ас берілді. Сондай-ақ, қалың жамағат арасында арқан тартыс, қазақ күресі, қол күресі және гір көтеру сияқты ұлттық ойын түрлерінен спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді. Спорттық сайыстар ұлттық нақыштағы өнерпаздармен әзірленген мерекелік концертке ұласты.
Сонымен қатар, Республикалық «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының қолдауымен «Мектепке жол» акциясы аясында облыстағы 400-ге жуық балаға көмек көрсетілді. 
Шара барысында «Нұр Ғасыр» мешітінің ауласында «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығының ұйымдастырумен «Өнер тамған он саусақ – үзілмейтін ырысың» атты қолөнер бұйымдары мен аспаздық тәтті тағамдардың жәрмеңкесі өткізілді. 
Жәрмеңкеге Ақтөбе қаласында бір айлық оқу курсынан өткен жергілікті әйел жамағатының қолдарынан шыққан бұйымдар мен кулинарлық өнімдер қойылды.
Құрметті жерлестер! Құрбан айт мерекесі күндеріндегі барлық сауапты істеріңіз бен тілектеріңіз қабыл болсын! Отбасыларыңызға береке, амалдарыңызға адалдық тілей отырып, айттан айтқа аман-есен жете берейік.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>