Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

“Адам саудасынан сақтаныңыз” атты тренинг

22 қыркүйек 2016 жылы Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны, адам саудасы бойынша дағдарыс орталығының ұйымдастыру жұмыстары» жобасы бойынша «Адам саудасынан сақтаныңыз» тақырыбына тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: жастарға адам саудасы туралы мағлұмат беру, Қазақстан Республикасында адам саудасы туралы нақты жағдайлар туралы, қанау түрлері және одан жәбірленушілердің алатын салдары, ізгілік пен қайырымдылық қағидаттарын қалыптастыру.

Тренингке колледждің 1 курс студенттері қатысты. Тренинг барысында топпен ми шабуылы, пікірталас, сұрақ-жауап өткізілді. Әр студент жалпы адам саудасы туралы өз түсініктерін ортаға салып, тренингтін белсенді өтуіне атсалысты.
Семинар соңында «Адам саудасынан сақтаныңыз» деген видео ролик көрсетіліп, «Біз – құлдықсыз өмір үшін!» буклеттері таратылып берілді. Тренинг өз мақсатын орындады, тыңдаушылар адам саудасы туралы толық мағлұмат алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>