Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Бейнеуде жас ана кабинеті ашылады

Ауыл тұрғындары жергілікті өзін-өзі басқару саласында жаңа жобаларға ұйытқы болып, іргелі бастамаларды жүзеге асырып жатыр. Мемлекеттің, қаржы институттары мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауына ие болған белсенділер ауылдастарының тұрмысын жақсартуға мүмкіндік алып отыр. Мәселен, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында азаматтық сектор мүшелері «Жас ана кабинеті» жобасын жүзеге асыруға кірісті.

Еліміз бойынша өткізілген конкурстың 60 жеңімпазына ауылды дамыту мақсатында 500 000 теңге көлемінде шағын гранттар берілген. Сараптаушы комиссия мүшелері 433 өтінімнің ішінен байқау шарттарына сәйкес келетін, әлеуметтік жағынан пайдалы деп танылған үздік жобаларды таңдап алды. Солардың бірі — Бейнеудегі «Жайдарлы» үкіметтік емес ұйымының жобасы. Ұйым мүшелері қазір өздері ұсынған идея бойынша істі бастап кетуге дайын. Мекеме директоры Нәбия Айлашова өз жобасы аясында Бейнеу ауылының жүзден астам тұрғынына, негізінен жүкті әйелдерге қолдау көрсететін болады.

Бірінші, екінші балаға аяғы ауыр келіншектерге дәрігер кеңесін беруді ұйымдастырамыз. Қауіпсіз жүктілік, тамақтану пирамидасы, жеңіл босану қағидалары, нәрестені емізу, сәби күтімі, баланы қосымша тамақтандыру, отбасын жоспарлау бойынша сабақтар өткізуге дайынбыз. Бейнеу аудандық жұмыспен қамту бөлімінен жұмыссыз жүрген медицина қызметкерлерінің тізімін алып, оларды сұхбаттасу арқылы іріктеп, жұмысқа қабылдаймыз. Кабинетке керекті құрал-жабдықтар сатып аламыз. Әдістемелік кітапшалар дайындап, баспаханадан шығартамыз, — дейді Нәбия Жасанғалиқызы.

«Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» республикалық жобасын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық қолдау орталығы» КЕАҚ қаржыландыру есебінен Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы жүзеге асырып отыр. Жалпы, маңғыстаулықтар осы қауымдастықтан биыл үш жоба ұтып алды.

https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/mangystau-zhanalyktary/108064

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>