Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Ақтөбе облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін «Азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту» жобасын қорытындылаған іс-шара өтті.

30 қараша күні «Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы» ЗТБ ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында « Ақтөбе облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін «Азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту» жобасы бойынша қорытынды іс-шара өтті.

Шараға осы жоба аясында жұмыс жасаған, көптеген жобаларды жүзеге асырған қоғамдық бірлестіктер мен Үкіметтік емес үйымдары жетекшілері қатысты. Олардың арасында медиаторлар, спортшылар, «Чернобыль мүгедектері» ,«Элит Агро», «Боевое братство участников локальных войн», Ақтөбе облыстық «Баскетбол федерациясы» қоғамдық бірлестіктері , «Имран-19» жеке мекеме т.б. қонақтар қатысты. Атқарылған жұмыстар мен қоғам игілігі үшін жасалған ортақ қызметтердің оң нәтижесі туралы баяндалды. Жалпы жобадағы жасалған жұмыстар жөнінде жоба үйлестірушісі Кенжебекова Салтанат презентация жасау барысында толық түсіндірді. Жоба барысында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға бағытталған үкіметтік емес ұйымдарға консультациялар беру, жазғы мектептер, диалог алаңдарын өткізу, техникалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету барысында тындырылған игі істер талқыланды. Аталмыш шараға қонақтармен бірге БАҚ өкілдері арнайы қатысты. Ақтөбе облысының үкіметтік емес үйымдарының қауымдастығы « ЗТБ президенті   А.Е. Дюсенова жоба қатысушыларына ереше алғыс айта отырып,   алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Қатысушылар да өз тараптарынан жобаны ұйымдастырушыларға ықыласпен алғыс білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>