Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

JAS MEDIA» ЖОБАСЫ- ЖАСТАРДЫҢ ҚАЛАУЫ.

Мұғалжар ауданының белсенді жастарының бірі,  бастамашыл топ өкілі Бердыбаева Ляззат Ертлесқызы Қандыағаш қаласында «Jas media» студиясын ашты.

Ол «Ақтөбе облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы бойынша 500000 теңге грантты иеленді. Жобаның мақсаты- халықтың әлеуметтік желідегі белсенділігін арттыру.  Шығармашыл жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып,  халық пен билік ортасында көпір болу.  Сонымен қатар   халықтың мұң- мұқтажын билікке жеткізу,  биліктің жасап жатқан игі істерін халыққа көрсету болып табылады. «Бастамашыл топтың 3 мүшесі бар.  Қазірғі таңда  Мұғалжар аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратынан 1 кабинет алып,  жөндеу жұмыстарын аяқтадық.  Студияға жаңа камера және камераға арналған штатив сатып алынды. Енді  студияға қажетті басқа да құралдарды алып,  жұмысымызды басталғалы отырмыз» — дейді Ляззат Ертлесқызы. Бұл жоба аудан жастарына және жалпы халыққа мол пайдасын тигізетін игі бастама болатыны анық. Ляззат Ертлесқызы әлеуметтік салада біршама тәжірибе жинақтаған маман ретінде яғни аудан тұрғындарымен етене араласып,   оның ішінде ұлт болашағы-жастармен жұмыс жасағаннан кейін, жастарға керек жобаны ұсынған. Сонымен қатар бұл жоба ауданның шығармашыл жастарының арманы екенін айтып өтті. «Jas media»  жобасы Мұғалжар ауданына оң өзгерістер алып келетініне сенеміз. Ендеше Ляззатқа үлкен сәттілік тілейміз!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>