Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

ЕРЕКШЕ КҮТІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫН НЕ ТОЛҒАНДЫРАДЫ?

«Ақтөбе облыстық Үкіметтік емес ұйымдар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына арналған үкіметтік емес ұйымдар жобалары мен идеялары жәрмеңкесі аясында Хромтауауданының мүмкінділігі шектеулі балалардың ата-аналарының «Асыл ОрдамХромтау» қоғамдық бірлестігінің

ұйымдастыруымен, аутист балалардың «РАСтемка» ата-аналар қауымдастығы мен «Аула клубтары» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға аталған үкіметтік емес ұйымдар басшылары, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қатысты.

Дөңгелек үстелде ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары өздерін толғандырған сұрақтарға жауап іздеді. Мысалы, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарын еріксіз газеттерге жазылудан босату, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақшалар ашу, жұмыс жасайтын ата-аналардың жұмыс уақытын қайта қарау секілді түрлі мәселелер көтерілді.

— Балаларымызға қарайтын әлеуметтік жұмысшылар уақытымен келе алмайды, себебі көпшілігі әкімдік жұмыстарымен жүргендіктен, қолдары тимейді, осы мәселені реттеу қажет. Сонымен бірге 16 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі балалар үкімет тарапынан еш қолдау көрмей отыр, оларға арнайы спортпен айналысуға көмек көрсетілсе деген өтініш бар, — дейді ата-аналар.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға отбасында да ерекше күтім қажет екені айқын. Ол тұрғын үй мәселесіне келіп тіреледі. Аяна Тұяқбаева деген балапанның ата-анасы Көктау ауылында тұрады екен. Бұл отбасына Хромтау қаласынан пәтер қажет! Себебі бала Көктау ауылында ешқандай ем алып жатқан жоқ, ал ем-домы үшін ұдайы аудан орталығына қатынау оңай емес…

— Мен Назым Асылбектің анасымын, балама церебралды паралич диагнозы қойылған. Балама қарайласатын әлеуметтік қызметші берілсе, сонымен бірге баламды мектепке жіберуін, емдету үшін квота беруін сұраймын, — дейді Гүлмира Қалдинаева.

Ал төрт жастағы кішкентай Ержігіт Қартбаевтың анасы балабақшада логопед пен дефектолог кабинетін ашуды сұрайды. Себебі баланы қаланың басқа бөлігіндегі түзету кабинетіне тасып жүру бала үшін де, ата-ана үшін де оңай емес. Сонымен бірге мемлекеттік балабақша ақысын төмендетуді сұрап отыр.

Жақында Хромтауда қоғамдық бірлестіктер мүшелері мен меценаттардың қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық орталық ашылған. Бұл да ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары үшін үлкен қолдау болды.

С.Кенжебекованың айтуынша, шара барысында айтылған ұсыныс-тілектердің барлығы аяқсыз қалмауы тиіс.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>