Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

«Сұлтан» кешенінде өткен Отбасы күніне арналған «Менің отбасым — менің мақтанышым» атты шара барасында қоғамда үлгі болып отырған 25 отбасына құрмет көрсетілді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Ақтөбе қалалық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен ұйымдастырылған шараға көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі отбасылар, мүгедек бала бағып отырған отбасылар, жас отбасылар, 50 жыл отасқан, ұрпақ жалғастығы сақталған отбасы, спортшы, мұғалімдер, дәрігерлер, музыканттар отбасы, патронат отбасы, жас ана, көпұлтты отбасы, династия отбасылары шақырылды.

Шара барысында оларға облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімі жанындағы отбасылық-демографиялық саясат және әйелдер ісі жөніндегі комиссияның төрағасы Марат Тоқжановтың атынан арнайы Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова да өмірде кездесетін түрлі қиын жағдайларға қарамастан, отбасы құндылығын биік қойып, балалар өсіріп, шаңырағын шайқалтпай отырған отбасыларды басқаларға үлгі-өнеге ете отырып, жылы лебізін білдірді.

— Бұл мерекенің басты мақсаты — еліміздегі үлгілі, белсенді отбасыларды қоғамға таныстыру, оларды өзгелерге үлгі ету. Айта кету керек, біздің облыста жыл сайын 7 мыңға тарта отбасы құрылады. Өкінішке қарай, әр жыл сайын 2,5 мың неке бұзылады. Бұл — қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан бүгінгі мерекеде сіздер сияқты үлгілі, ерекше ұстанымы бар отбасыларға құрмет көрсету — біздің міндетіміз. Бүгінгі шараға келіп отырған барлықтарыңызды облыс әкімінің атынан мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, — деді ол.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>