Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

18 қазан – Рухани келісім күні!

Алғаш рет елімізде 1992 жылы 18 қазанда атап өтілген бұл мереке үстіміздегі жылы да кең көлемде тойланбақ.

Елордамыз Астана қаласында өтіп жатқан «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезімен» тұспа-тұс келген атаулы мереке қарсаңында облыс көлемінде дөңгелек үстел, қайырымдылық концерттер, спорттық сайыстар, акциялар мен көрмелер және т.б. мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады.

Мерекелік шаралар 11 қазан күні «Таза бейсенбілік» акциясымен бастау алады. Діни бірлестік өкілдері, сондай-ақ, Ұлттық мәдени орталықтар мен қоғамдық бірлестікер қатысатын бұл шараның басты мақсаты қаламыздың тазалығын сақтауға мейлінше үлес қосу болып табылады.

Сонымен қатар, 16 қазан күні Қарттар үйінде қайырымдылық концерті өткізіледі. Шара барысында егде тартқан қарттарымызға түрлі мерекелік сыйлықтар таратылады.

Сондай-ақ, 17 қазан күні қоғамдық, мәдени және діни бірлестік өкілдерін спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында «Үстел теннисінен» турнир өткізілмек. Бұған қоса, осы күні мүмкіндігі шектеулі балалармен қызықты ойын-сауық бағдарламалары да ұйымдастырылмақ.

18 қазан, мерекенің соңғы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Бейбітшілік пен даму жолындағы жаһандық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел, діни бірлестіктер қызметінің презентациясы және «Мейірімді жүрек» атты балалар шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтетін болады.

Аталмыш рухани-танымдық шаралар кейіннен діни бірлестік өкілдерінің ұсынған ұлттық тағамдар көрмесі мен мерекелік дастарханға ұласты.

Сондай-ақ, «Рухан келісім күні» мерекесіндегі барлық шаралар облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында және «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығы» ЖМ-нің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>