26 қарашада Облыстық акция ұйымдастырылған болатын. Бұл шара – Қазақстандық 100 және 101 дербес атқыштар бригадаларына арналған «Отан үшін шайқасқан Ржев қаһармандары» облыстық акция.
100 атқыштар бригадасы 1941 жылы Алматы қаласында және 101 атқыштар бригадасы Ақтөбе қаласында 1941 жылы жас ерікті қазақ жастарынан жасақталды.
Осындай ата-бабаларымыз сыйлаған бейбіт ғұмырды бағалай біліп, бүгінде өзара тату-тәтті, зор сыйластықпен жұмыла еңбек етіп, еліміздің жаңару жолында бірлесе қадам баса беруге жазсын деген ниетпен Ақтөбе қаласының Әлия мемориалды кешенінде 700 ден астам қала тұрғындары жиналып еске алып, гүл шоғын қойды. Облыстың құрметті азаматы, «Әлия мен Мәншүк» атындағы «Қос шынар» ҚБ-нің жетекшісі Ғ. Байдербес жас ұрпаққа үлгі болсын, батыр ағаларымыздың ерлігі ұмытылмасын деген өзінің ізгі тілегін де айтты.