Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

«Азаматтық қоғам және мемлекет:Диалог. Ынтымақтастық. Жауапкершілік» Ақтөбе облысы ҮЕҰ VІIІ облыстық форумы

2018 жылғы 31 қазанда сағат 10.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының салтанат залында «Азаматтық қоғам және мемлекет:Диалог. Ынтымақтастық. Жауапкершілік» Ақтөбе облысы үкіметтік емес ұйымдарының VІIІ облыстық форумы өткізілді.

Форум жұмысына ҚР Қоғамдық даму министрінің орынбасары С.Коновалов, Қазақстанның Азаматтық Альянсы төрағасының орынбасары М.Дуанбеков, өңірдегі белсенді үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық департамент, басқарма басшылары, барлық аудандардан қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.

Форумның мақсаты өңірдегі азаматтық қоғам институттарын дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жұмылдыру, олардың қызметі туралы тұрғындарды ақпараттандыру, қоғамдық ұйымдардың оң имиджін қалыптастыру, әлеуметтік қызметтерді көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін көтеру болды.

Қазіргі кезде облыстық әділет департаментінде 610 – коммерциялық емес ұйым тіркелген, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер – 336, қоғамдық қорлар – 208, заңды тұлғалар бірлестігі – 30, жеке меншік мекемелер – 36.

Оның ішінде 413 — қызмет етеді, 60 — қызмет етпейді, 90 — қызметін тоқтатқан. ҮЕҰ-дың басым бөлігі яғни 497-і (81,4%) Ақтөбе қаласында тіркелсе, 113-і (18,6%) – аудандарда тіркелген.

Оның ішінде облыста әр-түрлі бағытта жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты топтары қалыптасқан. Атап айтсақ, балаларды, жастарды, әйелдерді қолдау, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті дамыту сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау, білім беруді дамыту, отансүйгіштікті, рухани-мәдени мұраны, салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулық сақтау саласы бағытында жұмыс жасайтын ұйымдар қызмет етуде.

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері 25 консультативтік-кеңесші органдарының, жергілікті атқарушы органдар жанындағы қоғамдық кеңестердің құрамына кіріп, маңызды мәселелердің шешілуіне белсенді араласуда.

Жыл сайын ҮЕҰ-дың қызметіне қолдау көрсету үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қаржы бөлінеді. 2018 жылы облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 420 млн.  279  мың теңге (ЖБ – 323 806,0 мың, РБ – 96 473,3 мың) бөлініп, 118 жоба жүзеге асырылуда. 52 ҮЕҰ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын орындауда.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты салалық принцип бойынша 10 облыстық басқарма (ішкі саясат; жастар саясаты мәселелері, білім; мәдениет, мұрағаттар және құжаттама; жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар; тілдерді дамыту; денсаулық сақтау; табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу; ақпараттандыру және сыртқы байланыстар; діни істері басқармалары, сонымен қатар Ақтөбе қаласы мен аудандық әкімдіктер қаржыландыруда.

Шара барысында ҮЕҰ-дың одан әрі даму перспективалары мен проблемалары, мемлекеттік органдармен және бизнес өкілдерімен өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

Форум соңында бірнеше ұйым жетекшілерін азаматтық қоғам институттарын дамытуға қосқан үлесі және маңызды әлеуметтік проблемаларды шешуге, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға белсене ат салысқаны үшін алғыс хаттармен марапаттады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>