"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

ҮЕҰ облыстық конференциясы өтті

Ағымдағы жылдың 19 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Ақтөбе облысы үкіметтік емес ұйымдарының  «ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮДДЕСІНДЕГІ СЕРІКТЕСТІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ» атты облыстық конференция өтті.

Аталған шараға мемлекеттік мекемелердің басшылары, Ақтөбе облысының белсенді ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Шараның ашылуында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары – Елеусінова Бұлбұл Ораққызы сөз алып, бүгінгі күні үкіметтік емес ұйымдармен атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, облыс басшылығы атынан алғысын білдірді.

 Конференция барысында белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жеткен жетістіктерімен бөлісті.  

Сонымен қатар бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары өз тараптарынан үкіметтік емес ұйым өкілдеріне жылы лебіздерін білдіріп, алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ конференция соңында а.ж. 25-26 қараша күндері Алматы қаласында өтетін «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы» тақырыбында Қазақстанның Х Азаматтық форумына облысымыздың атынан баратын делегаттардың құрамы бекітілді.