"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Х АЗАМАТТЫҚ ФОРУМҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

2021 жылдың 22-26 қарашасы аралығында «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы» мерейтойлық Х Азаматтық форумы өтеді. Форум аясындағы іс-шаралар демократиялық үдерістерді дамытуға, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға, сондай-ақ оларға қол жеткізудегі қоғамның, мемлекеттің және бизнестің негізгі міндеттеріне арналады.

Форум бағдарламасы тақырыптардың ауқымымен, қызықты сарапшылар мен қатысушыларды қамтиды. Сондай-ақ Форум аясында түрлі қоғамдық, бизнес және мемлекеттік құрылымдардан келген 100-ге жуық спикерлер мен модераторлар сөз сөйлейтін 30-дан астам пікірталас алаңы, сараптамалық талқылаулар, фасилитациялық және панельдік сессиялар ұйымдастырылады.

Форумға тіркеліп, онлайн форматтағы шараларға қатысыңыз: http://azamattyqforum10.kz 

Форумда кездескенше!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>