"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

X АЗАМАТТЫҚ ФОРУМҒА 7 КҮН ҚАЛДЫ!

Биылғы Форумның ерекшелігі неде?
 1.Х Азаматтық форум Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтеді. Шара барысында тарих пен бүгін сараланып, болашаққа болжам жасалады. Сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарындағы азаматтық қоғамның негізгі жетістіктерін таныстырады.

2.2003 жылдан бері Азаматтық форум екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Енді бұл шара жыл сайын өткізілмек.

3.Биылғы қатысушылардың тізімі айтарлықтай толықты. Шараға спикер мен модератор ретінде шетелдік сарапшылар, ғылыми-шығармашылық одақтардың, өңірлік және республикалық даму институттарының жетекшілері, сондай-ақ басқа да белсенділер қатысады.
 4.Форумның күн тәртібі Қазақстанның БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуіне бағытталған. Бұл елдің үкіметтік емес секторларындағы жаһандық мүмкіндіктер, жоспарлары мен ұмтылыстарынан хабар береді. Өйткені азаматтық қоғам дамыған сайын мемлекет те соғұрлым демократиялық сипатқа ене бастайды.

5.Мерейтойлық форум гибридті форматта өтеді: алғашқы 3 күн – онлайн, соңғы 2 күн – офлайн. Бұл шараға әркім қатыса алады деген сөз!

Форумда кездескенше!😍