"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Басқарма басшысы белсенді ҮЕҰ төрағаларымен кездесті

Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы  Ләззат Оразбаеваның  белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері  қоғамда атқарып жатқан жұмыстарымен және жақын аралық жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ қатысушылар басқарма басшысына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, бүгінгі күнгі қоғамның өзекті мәселерін талқылады.

Облыста мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара жүйелі әріптестік қарым-қатынасы орнатылған. Азаматтық қоғам институттары мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыстың әлеуметтік мәселелерін шешуге және азаматтық қоғамды дамытуға септігін тигізетін бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Шараның қорытындысы бойынша «Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Ақтөбе облысының ҮЕҰ Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум мемлекеттік мекеменің үкіметтік емес ұйымдармен өзара жүйелі әріптестік қарым-қатынасын орнатуға бағытталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>