Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қоғам белсенділері» атты Ақтөбе облысының ҮЕҰ  энциклопедиясының

«БЕКІТЕМІН»

«Ақтөбе облысының

ҮЕҰ қауымдастығы» ЗТБ президенті

__________А.Е.Дюсенова

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қоғам белсенділері» атты Ақтөбе облысының ҮЕҰ  энциклопедиясының

ЕРЕЖЕСІ

  1. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қоғам белсенділері» атты Ақтөбе облысының ҮЕҰ  энциклопедиясы (бұдан әрі – Энциклопедия) Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Ақтөбе облысының ҮЕҰ Ассоциациясымен басылып шығарылады.

2. Энциклопедия басылымы кітапты дайындау, басып шығарумен байланысты және ҚР Тәуелсіздігінің нығаюына өз үлесін қосқан Ақтөбе облысының кез келген қоғамдық ұйымы бірлескен авторы бола алады.

3. Энциклопедияның бірлескен авторы болу үшін №1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде өз ұйымыңыз және оның қызметі туралы материалдар жіберу қажет:

  • Ұйымның толық атауы, логотип (болған жағдайда);
  • Төрағасының аты-жөні және байланыс телефоны;
  • Құрылған жылы немесе қайта тіркелген жылы;
  • Ұйымның мақсаты мен міндеті;
  • Іске асырылған негізгі іс-шаралар / жобалар;
  • Ұйым жетістіктері;
  • Жақсы сапалы фотосуреттер – 8 дана

4. Материал электрондық нұсқада 2 беттен аспауы тиіс. А4 форматы (TimesNewRoman қарпі, 12 pt қаріп өлшемі, 1,5 интервалдан кейін; барлық жиектер – 20 мм; қызыл жол (шегініс) – 1,25 см).

5. Барлық материалдар редакциялық тексеруден және өңдеуден өтеді. Басылымға ISBN (халықаралық стандартты кітап нөмірі) беріледі және Ақтөбе облысының кітапханаларына таратылады.

6. Энциклопедияға арналған материалдар 2021 жылдың 25 қазанына дейін қабылданады. Бұл ретте басылым үшін қабылданған материалдардың саны оның дәстүрлі форматымен шектелгеніне назар аудару қажет. Материалдарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін шағымдар қабылданбайды.

7. Энциклопедия 2021 жылдың қараша айында шығарылып, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ҮЕҰ облыстық конференциясында таратылады.

8. Энциклопедияның бірлескен авторы болғысы келетін ұйымдар материалдарды белгіленген мерзімге  ережеге сәйкес және төмендегідей құжаттарды қамтып, gak.aktobe@gmail.com электрондық поштасына жолдауы қажет.

– өтінім (1 қосымша) – энциклопедияда жариялау үшін Word мәтіні қазақ және орыс тілдерінде  1 файл;

– “JPG” форматындағы 8 дана фотосурет (.jpg)

– “JPG” форматындағы ұйымның логотипі (.jpg)

9. Туындаған сұрақтар бойынша gak.aktobe@gmail.com электронды поштасы және 8 701 494 4454, 24 40 70 байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.

10. Энциклопедияға жариялауға қатысу үшін 9 тармақта көрсетілген мекен-жайға материалдарды жіберу қатысушының осы Ереженің барлық тармақтарымен толық келісетіндігін білдіреді.

№1 қосымша

ӨТІНІМ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қоғам белсенділері» атты Ақтөбе облысының ҮЕҰ энциклопедиясында өз ұйымы туралы ақпаратты орналастыруға

  • Ұйымның толық атауы, логотип (болған жағдайда);
  • Төрағасының аты-жөні және байланыс телефоны;
  • Құрылған жылы немесе қайта тіркелген жылы;
  • Ұйымның мақсаты мен міндеті;
  • Іске асырылған негізгі іс-шаралар / жобалар;
  • Ұйым жетістіктері;
  • Жақсы сапалы фотосуреттер – 8 дана

Приложение 1

ЗАЯВКА

на размещение информации о своей организации в Энциклопедии НПО Актюбинской области «Қоғам белсенділері», приуроченной 30-летию Независимости РК

  • Полное название организации и логотип (если имеется);
  • ФИО руководителя и контакты;
  • Год создания/ перерегистрации;
  • Цели и задачи создания организации;
  • Основные реализованные мероприятия/проекты;
  • Достижения организации;
  • Фото материалы в хорошем качества – 8 штук в формате  JPG” (.jpg);
  • Логотип организации  в формате JPG” (.jpg).

Положение – скачать

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>