А.ж. тамыз айында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Конституция күніне орай облыстық басқармалар, аудандар, ҮЕҰ арасында онлайн челлендж өткен болатын.
Челлендждің мақсаты – Ақтөбе облысында спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік мекемелердің ҮЕҰ-мен арасындағы қарым-қатынасын нығайту. Аталған челленджге мемлекеттік мекемелер, ҮЕҰ белсенділік танытып, шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. Қыркүйек айында челлендж қорытындысы шығып, Ақтөбе облысының ҮЕҰ Ассоциация Президенті – А.Дүйсенова жүлделі орын иеленгендерді грамоталар және кубоктармен, белсене қатысқандарды алғыс хаттармен марапаттады.
Басқармалар бойынша:
І орын – Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері;
ІІ орын – Ақтөбе облысының білім басқармасы;
ІІІ орын – Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы;
Аудандар бойынша:
І орын – Хромтау ауданы;
ІІ орын – Ырғыз ауданы;
ІІІ орын – Қарғалы ауданы;
ҮЕҰ бойынша:
І орын – «Ақтөбе облысының аула клубтары» ҚБ;
ІІ орын – «Ақтөбе облысының медиаторлар Кеңесі» ҚБ;
ІІІ орын – «РАСтемка» Ақтөбе облысы бойынша аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналарының ассоциациясы» ҚБ;
Шара Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.