Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Көшпелі кездесу өтті

15 қыркүйекте Ақтөбе облысының ҮЕҰ Ассоциациясының ұйымдастыруымен  ҮЕҰ төрағаларына арналған көшпелі кездесуі өтті. Шараға Хромтау қаласының әкімі орынбасары – Қабыл Мадияр, Ассоциация Президенті – Дүйсенова Айгүл, Хромтау ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелердің және қалалық/аудандық ҮЕҰ төрағалары, волонтерлар қатысты.

Кездесу барысында «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту агенттігі» қоғамдық қорының төрағасы А.Мырхиннің, «Мұғалім» репетиторлық мектебі» жеке меншік мекемесінің директоры Ю.Савченконың, «Шатлык» Ақтөбе облыстық татар және башқұрт этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Э.Хабибуллинаның, «РАСтемка» Ақтөбе облысы бойынша аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Кенжибекованың, Меншік иелері бірлестігі Ассоциациясының төрағасы Е.Уббиниязовтың, «Берекелi бастама – Городская инициатива» жобалық орталықтың жетекшісі Н.Хасановтың баяндамалары тыңдалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.  Сонымен қатар А.Дүйсенова ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауына тоқталып, бүгінгі күні ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдау, соның ішінде гранттық қаржыландыру жүйесі туралы баяндады.

Шара соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасуға осындай көшпелі кездесулердің маңыздылығын алға тартып, жиі бас қосу туралы ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>