Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегі күні Ақтөбе облысының ҮЕҰ Ассоциациясының базасында «ҮЕҰ-ды жұмылдыруға және дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Ассоциация Президенті – А.Дүйсенова бүгінгі күні азаматтық секторды және әлеуметтік серіктестікті дамыту, ҮЕҰ-мен қарым-қатынасты нығайту, ауылдық ҮЕҰ жұмыстарын жандандыру мақсатында атқарылып жатырған жұмыстарды баяндады.
Сондай-ақ шара барысында белсенді ҮЕҰ төрағалары Президент Жолдауын талқылау мақсатында өз ой-пікірлерімен бөлісті. Соның ішінде гранттық қаржыландыру жүйесін ауылдағы ҮЕҰ сұранысына қарай бейімдеп, оны алудың жеңілдетілген режимін енгізу бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.