"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СЕНСОРЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ЖОБАСЫ

“ШАПАҒАТ ” мүгедек балаларды сауықтандыру орталығы Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы ЗТБ ұйымдастыруымен, ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қаржылай қолдауымен “Ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру ” жобасы аясында грантқа ие болды.

Аталмыш жоба аясында орталықта сенсорлық интеграция бөлмесі ашылады. Жоба мақсаты- сенсорлық интеграцияны пайдалана отырып, 3-18 жас аралығындағы балалардың денсаулығын түзету, орталық жүйке жүйесі бойынша сенсорлық ынталандыруды күшейту.

Жоба орталықтағы даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедектігі анықталмаған, бірақ денсаулығында ақауы бар балаларды біріктіре отырып, инклюзивті бағдарлама аясында сенсорлық интеграцияны енгізуге бағытталады. Сенсорлық интеграция жобасы – 1 шілде – 31 қыркүйекаралығында атқарылады деп жоспарлануда. Жобаға Әйтеке би кентіндегі 3-18 жас аралығындағы балалар, 1-18 жас аралығындағы даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата аналары қатыса алады.

https://qazaly.kz/kogam/20988-sensorly-integraciya-zhobasy.html

Leave a Reply

Your email address will not be published.

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>