Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

«Семей ядролық сынақ полигонынан зарлап шеккен Ақтөбелік ардагерлерге құрмет пен тағзым» ескерткішінің ашылу салтанаты

2020 жылдың 17 қазанда «Семей ядролық сынақ полигонынан зарлап шеккен Ақтөбелік ардагерлерге құрмет пен тағзым» ескерткішін ашылу салтанаты өтті.

Семей ядролық сынақ полигоны бұл – ел тарихының қайғылы парақтарының бірі. Қаншама қайғылы қазақ елі өз жерінде мылтықсыз майдан құрбанына айналды. Бұл оқиға Қазақстандықтардың мәңгі есінде сақталады.

Бүгінгі күні көп жылдардан бері көтеріліп жүрген әлеуметтік мәселе Семей ардагерлеріне ескерткіш қою мәселелері өз шешімін тапты. Болашақта ескерткіш Семей ядролық сынақ полигонындағы тіккен Ақтөбелік ардагерлердің бірігіп бас қосатын, салтанатты шараларды өткізетін, өмірден озған ардагерлерді еске алатын жерге айналды.

Бұл салтанатты шараға Ақтөбе облыс әкімінің орынбасары Руслан Геннадьевич, Изимгали Абдрахманов, Болат Хайруллаевич, ардагеріміз Әлғазы Райханов және тарихшылар, өлкетанушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>