Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Темір ауданында «Спорт-тәрбие негізі» жобасы іске қосылды.

“Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы” ЗТБ ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы”

КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылған  “Ақтөбе облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру” жобасы негізінде Темір ауданы Қопа селосында бастамашыл топ өкілі Шүкір Нұржан Болатбайұлы «Спорт-тәрбие негізі» жобасын іске қосты. Шүкір Нұржанның айтуынша жобаның мақсаты ауыл ішін спорттық жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, өскелең буынға спортты насихаттап,оларды спортқа баулу. Сонымен бірге жастардың келеңсіз әрекеттерден бойларын аулақ ұстап, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Грант негізінде жеңіп алған 500 000 теңгеге футбол және волейбол жабдықтары сатып алынған. Қазіргі таңда ауыл жастарымен бірігіп түрлі спорттық шаралар ұйымдастыру үшін дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ал ауыл жастары осындай игілікті шараларға арналған жобалардың көбеюіне ризашылық білдіруде.  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>