ҮЕҰ галереясы жобасы аясында @npoaktobe парақшасында ҮЕҰ өкілдерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы жария етіліп келеді.
Осы уақытқа дейін қоғам белсендісі ретінде атқарылған шаралар және жасалған жұмыстардың оң нәтижесіне берілген марапаттар, халық игілігі үшін көзделген өзекті мәселелер көңіл қуантарлық жәйт деп есептейміз. Азаматтардың игілікті істерін бағалау- қоғам міндеті. Сондай азаматтар күн санап қоғамға өз үлестерін қосып келеді. Атап айтар болсақ: ауған соғысының ардагері Гумер Галеевтің «Боевое братство участников локальных войн» қоғамдық бірлестігі 2010 жылы құрылған. Мақсаты жастарды әскери-патриоттыққа баулу және ауған соғысына қатысқан жандардың отбасына көмек қолын созу сияқты істермен айналысады. «Асыл Ордам»-Хромтау» қоғамдық бірлестігінің мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарды қалыпты өмірге бейімдеу. 2017 жылдан бері аталмыш қоғамдық бірлестік өңір тұрғындарына көптеген игілікті істермен таныс. Хромтау ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беріп келеді. «Қуаныш дыбыста» қоғамдық бірлестігі 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда аталмыш бірлестіктің кохлеарлы имплантталған қызметін 45 бала қолданады. «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтардың одағы» қоғамдық бірлестігі 1999 жылы құрылған. Мақсаты: тірек-қимыл мүшелері зақымдалған мүгедектігі бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету және олардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау болып табылады. Ал «Аңсар Байғанин» қоғамдық бірлестігі дін саласындағы саясатты жете түсіндіру т.б қоғамдағы игілікті істерді жүзеге асыруға атсалысып келеді. Спорт саласын дамыту барысында «Ақтөбе облыстық үстел теннисі федерациясы» қоғамдық бірлестігі салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды үстел теннисімен шұғылдануға тарту мақсатында қызмет атқарып келеді. Қоғамдық бірлестік төрағасы Аскаров Жаксылық мырзаның айтуынша өскелең ұрпақтың дені сау, бос уақыттарын тиімді спортпен шұғылдану арқылы өткізу қажет деп санайды. Ал Байғанин ауданы бойынша «Ұлттық ат спорт түрлері федерациясы» негізгі мақсаты өңірдегі ат спортын насихаттап және жастарды осы спортқа тарту болып табылады. Осы уақыт аралығында аудан өңірлерінде және республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленген.
Алдағы уақытта да ҮЕҰ галереясы жобасы бойынша әлеуметтік желіде қоғам белсенділерінің атқарып жатқан елеулі істері туралы жарияланады.