Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

«АСЫЛ ОРДАМ-ХРОМТАУ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ 500 МЫҢ ТЕНГЕ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

«Асыл Ордам-Хромтау» қоғамдық бірлестігі 2017 жылы құрылған. Осы жылдар аралығында аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға және олардың ата-аналарына көмек көрсетіп, оларға ақыл-кеңес пен бағыт-бағдар көрсетіп келеді.

Бүгінгі таңда ем алу және сауықтыру орталығын ашып, сол орында логопед, психолог, дефектолог, ЛФК массаж емін жасайды. Бұл бірлестіктің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды қалыпты өмірге бейімдеу. Сонымен қатар орталыққа келген балалар сырқаттарынан сауығып келеді. Көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Барлық шараларға балалар атсалысады. Қоғамдық бірлестіктің атқарған жұмыстары әрқашан еленіп келеді. Соның бір дәлелі 2018 жылы Хромтау ауданы әкімі А.Б. Бердалиннің және 2020 жылы ҮЕҰ президенті А.Е. Дюсенова атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Иманкулов Сагдат Амангельдіұлы Ақтөбе облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасына «Иппотерапия» жобасы бойынша қатысып, грантты жеңіп алды. «Асыл Ордам-Хромтау» қоғамдық бірлестігіне сәттілік тілейміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>