Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК – ЖАҢА ТРЕНД.

7-13 шілде аралығындаҚазақстан Республикасының Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАО гранты шеңберінде «Ақтөбе облысында «бір терезе» қағидаты бойынша  үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін Азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту» жобасы бойынша   онлайн жүйесінде оқыту вебинары өтті.Вебинар ҮЕҰ өкілдеріне әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және  олардың әлеуетін арттыру  үшін өткізілді. Бұл вебинарды әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров пен Медер Алматов жүргізді.Вебинар барысында бизнес-жоспардың жазылуы, сату, клиенттермен қарым-қатынас орнату және  әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық тәжірибелік  құралдар мен құнды ақпараттар берілді. Вебинар барысында қатысушылар өздерін  қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар қатысушыларға вебинар соңында сертификаттар табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>