16 маусым күні «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының Қауымдастығы»
ЗТБ ұйымдастыруымен «Бір күн» тәртібіндегі ҮЕҰ мектептері «Халықаралық гранттар конкурстарына қатысу» тақырыбында тренинг өтті. Аталмыш тренингтің мақсаты- біліктілікті арттыру, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін халықаралық донорлардың сайыстарына қатысу үшін жобаларды жазуды үйрету.
Алғашқы сөз кезегін яғни тренингтің негізгі мақсаттарымен таныстыру үшін «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті А.Е. Дюсенова алды. «ҚР Қызыл жарты ай» ҚБ Ақтөбе облысындағы филиалының маманы және жастармен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Ералхан Дияров « COVID-19» індетінің алдын-алу және сақтық шараларын мұқият қолдану туралы жиылғандарға түсіндірді. Тренер Кундолов Т.Б. онлайн жүйеде қатысушыларға тренинг өткізді. ҮЕҰ халықаралық донорлық жұмыстарға қатысуы, гранттар мен жұмыстың нормативтік құқықтық аспектілері, сайысқа қатысу барысы, өтінім беру алгоритмі т,б туралы түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан сұрақтар-жауаптар алынып, кері байланыс орнады.