"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«ҮЕҰ — АДАМДАР ҮШІН» ДИАЛОГ АЛАҢДАРЫ ЦИКЛЫ

Ақтөбе облысы ҮЕҰ қолдау Азаматтық орталығында әлеуметтік бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың, қайырымдылық ұйымдары мен еріктілер қозғалыстарының кездесуі ұйымдастырылды.

Бұл шара үкіметтік емес ұйымдарды «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау мақсатында азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту жобасы бойынша «ҮЕҰ — адамдар үшін» диалог алаңдары циклы» шарасы аясында өткізілді. Аталмыш шара npoaktobe инстаграм парақшасында  тікедей эфирде өтті.  «Ақтөбе облысы ҮЕҰ Қауымдастығы» ЗТБ президенті  А. Е. Дюсенова және қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Байтакова А.М көрермендер тарапынан келген сұрақтарды  қонақтарға қойып,  оңтайлы жауаптар алып отырды. Жалпы барлық ұйымдар мен еріктілер қозғалысы мүшелері атқарылған жұмыстар мен алдағы жасалатын жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Өскелең ұрпаққа көмек көрсететін « Ақтөбе Дамуы» ҚҚ  жетекшісі ЖаннаКадырова қайырымдылық шарасы аясында үй-жайы жоқ мұқтаж отбасыларға үй алуға көмек беруді қолға алып, алғашқы нәтижесі де бар екенін айтып өтті. Ал «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай» ҚБ Ақтөбе облысындағы филиалының маманы және жастармен жұмыс жөніндегі үйлестіруші Ералхан Дияров төтенше жағдай кезінде жан-жақты халыққа көмек көрсетілетінін тілге тиек етті. Ақтөбе қаласының «Ана үйі» үйлестірушісі Меруерт Ахметжанова  тағдыр тауқыметіне ұшыраған аналардың тағдырына қол көмек созуға ниет білдірушілердің көбейіп келетініне ризашылық білдірді. Ал еріктілер жылында қоғамда белсене жұмыс атқарып жатқан «Д.А.Р.» волонтерлық клубы да үнемі  барлық шараларға ерекше ықыласпен атсалысатынын аталмыш клубтың мүшесі Жігер Кенжегалиев   айтып өтті. «Ақтөбе тыныс ал!» еріктілер қозғалысының ұйымдастырушысы Евгений Лазарчук пен «Медет-АТК» ҚБ  қоршаған ортаны қорғау жөніндегі төрағасы Александр Мандрыкин қоршаған ортаны яғни табиғатты қорғау, өзендер тазалығын қадағалау  және ағаш отырғызу жұмыстарының қарқынды жүруін, тұрғындарды айналадағы тазалықты сақтауға шақырды. Диалог алаңында ортақ сұрақтарға нақты жауаптар алынды.

Байтакова А.М.

қоғаммен байланыс жөніндегі маман

Переключение языка

Leave a Reply

Your email address will not be published.

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>