Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

ҮЕҰ — АДАМДАР ҮШІН

Ақтөбе облысы ҮЕҰ қолдау Азаматтық орталығында әлеуметтік бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың, қайырымдылық ұйымдары мен еріктілер қозғалыстарының кездесуі өткізілді.

Бұл шара үкіметтік емес ұйымдарды «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау мақсатында азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту жобасы бойынша «ҮЕҰ — адамдар үшін» диалогалаңдары циклы» шарасы аясында өткізілді.
— Ақтөбе облысы ҮЕҰ қолдау Азаматтық орталығында «ҮЕҰ — адамдар үшін» диалог алаңдары циклы» шарасы аясында алғашқы кездесуімізді өткізгелі отырмыз. Бұл кездесуде тұрғындарды қайырымдылықпен, волонтерлік қызметпен айналысып жүрген азаматтармен таныстыруды жөн көрдік. Биыл біздің Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының Қауымдастығы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылып отырған үкіметтік емес ұйымдарды «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау мақсатында азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту жобасы биыл да жалғасын тауып отыр. Бүгінгі кездесуге Ақтөбе қаласында жұмыс істейтін бес ұйымның басшыларын шақырдық, — деді “Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының Қауымдастығы” ЗТБ президенті Айгүл Дюсенова.

Нақтырақ айтсақ, кездесуге Zello_help және zello_poisk еріктілер қозғалысының негізін қалаушы Екатерина Голотина, жүргізушілерге көмек көрсететін Autohelp еріктілер қозғалысының негізін қалаушы және zello_aktobe инстаграмм парақшасының әкімшісі Асхат Такауев, белгілі блогер, вайнер ya_domoxozyaika.kz парақшасының жүргізушісі Динара Уразаева және үйсіз жануарларға көмек көрсететін еріктілер қозғалысының негізін қалаушы (help animals.aktobe) Рабиға Сисенғалиевалар. Кездему барысында аталған ұйым басшылары өздерінің еріктілер қозғалысының тарихы мен қазіргі қызметі туралы айтты.

— Бізде түрлі бағыттағы бірнеше еріктілер қоғалысы жұмыс істейді. Бұл қала тұрғындарына көмектесу мақсатында құрылған болатын. Яғни, іздестіру тобы хабар-ошарсыз жоғалып кеткен азаматтарды, балаларды табуға көмектеседі. Бізге адамның жоғалуы туралы хабар күндіз түсе ме, түнде түсе ма — маңызды емес, қай уақытта болса да жолға шығамыз, қаланың іші-сыртын түгел қарап, барынша жоғалған адамды табуға тырысамыз. Сонымен бірге «Антиковид» аталатын командамыз бар. Әлемде таралған індет біздің елімізде, облысымызда талай адамның жұмыссыз, табыссыз қалуына әкеліп соқтырғаны белгілі. «Антиковид» командасы осындай сәтте қиын дағдайға тап болған азаматтарды қолдау мақсатында құрылған-ды. Тек қала тұрғындарына ғана емес, облыс тұрғындарына барынша қолдау көрсетуге тырысамыз. Өткен демалыста ғана Хромтау ауданына барып келдік. Алдағы демалыстарда Қарғалы ауданына жол жүргелі отырмыз.

Жақында Түркістан облысының Мақтаарал ауданында болған ауылдарды су басу жағдайында да талай адам баспанасыз қалды. Түркістан облысында болған бұл оқиғаға қатысты да біздің команда азық-түлік, киім-кешек жіберіп, гуманитарлық көмек көрсетті. Біз Түркістан облысының еріктілерімен тығыз байланысты болдық.

Не қажет екенін сұрастырып, соған мән бердік. Біздің команда сондай-ақ онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға да көмек көрсетеді, — дейді Zello_help және zello_poisk еріктілер қозғалысының негізін қалаушы Екатерина Голотина.

Айта кету керек, «Антиковид» тобы төтенше жағдай кезінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетті. Облыстағы бірнеше еріктілер қозғалысының басын қосқан бұл топ тұрғыдарға әлеуметтік, психологиялық қолдауларын аяған жоқ. Ақтөбеге келіп, карантин кезінде облыста қалып қойған мигранттарға да құқықтық, әлеуметтік көмек көрсетілді. Екатерина Голотинаның айтуынша, аталған еріктілер қозғалысы төтенше жағдай кезінде 1900-ден астам отбасына азық-түлік пакеттерін апарып берсе, 1000-нан астам отбасына киім-кешек үлестірген. Жұмыстарынан айырылған азаматтарға жұмыс тауып беруге қолдау көрсеткен.

Көлік жүргізушілеріне көмек көрсететін Autohelp еріктілер қозғалысының негізін қалаушы және zello_aktobe инстаграмм парақшасының әкімшісі Асхат Такауев та еріктілер қозғалысының жұмысы туралы айтып берді.

—   Бастапқыда жлда қалып қойған жүргізушілерге жалғыз өзім көмектесіп жүрдім, кейін тобымызда қайрымды жанжар көбейді, — дейді ол.

Тікелей эфир барысында Динара Уразаева мен Рабиға Сисенғалиевалар да өздерінің қоғам үшін атқарып жатқан істері туралы мағлұмат берді.

Диалог алаңында тұрғындар тікелей эфир арқылы көмек көрсету, қайырымдылық жасауға бағытталған ұйымдардың қызметі туралы өздерін толғандырған сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.
Айгүл Дюсенова алдағы уақытта диалог алаңына басқа да ұйымдар өкілдері шақырылатынын айтты.
@cisc_official
#cisc2020#qogamgov

М.САТАЕВА.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>