Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН АЗАМАТТАРДЫ ҚОРҒАУ ҚОРЫНА — 20 ЖЫЛ

«Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау қорының» іргесінің қаланғанына 21 жыл толды. Аталған қоғам елімізге белгілі азамат, Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменованың бастамасымен 1999 жылдың 20-мамырында құрылған болатын.

Осы уақыт аралығында бірлестік қаншама қамкөңіл адамның көзінің жасын сүртіп, қолтығынан демеді. Қанша адамның үзілген үмітін жалғап, болашаққа сеніммен қарауына көмектесті.

«Содан бері қиындығы мен қызығы мол 365 күннен тұратын 21 жыл бойына қадам басып келеміз! Осы уақыт аралығында біздің балаларымыз өсіп ер жетті, жаңа отбасылар құрылды, біздің достарымыз білім алды және бұл өмірден өз орнын тапты. Біз салауатты өмір сүру салтын және өз тағдырымыздың ұстасы екендігімізді жетістікпен насихаттап келдік, жағдайдың құлы емес, қожайыны болуға және өз ішкі әлеуетімізді дамытуға үйрендік! Бүгінде біздің ұйым — өз үні бар беделді ұйым! Біздің одағымыз ерікті түрде құрылған және бұл ортақ қызығушылықтары бар адамдардың бірлескен қауымдастығы. Ондаған жылдар бойына біз ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үздік қасиеттерін сәтті жария етіп келеміз», — дейді Қ.Байменова.

«Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті Айгүл Егізбаева аталған қордың негізін қалаушы Қ.Байменова мен оның мүшелерін 20 жылдық белеспен құттықтап, Қауымдастықтың сенімді серіктесі ретінде алда да ынтымақтаса жұмыс істей беруге сенімін білдірді. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>