Ақтөбеде “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ грантына арналған конкурсқа қатысу үшін «Жобаларды жазу» атты тренинг өтті.
Бұл шараны “Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының Қауымдастығы” ЗТБ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде ұйымдастырды. «Бір күн» тәртібінде өткен шараға ҮЕҰ басшылары мен өкілдері, барлығы жиырмаға жуық адам қатысты.
Шараны ашқан «Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы» ЗТБ президенті Айгүл Дюсенова бұл жобаның мақсат міндетіне тоқталды. «Мақсат – үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің біліктілігін арттыру, оларға Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығы грантына арналған конкурсқа қатысу үшін жобалар жазуға үйрету. ҮЕҰ мүшелері үшін жоба жаза білу – аса қажет, себебі грант алудың алғашқы баспалдағы жоба жазудан басталады»,— деді ол.
Тренингті Кундолов Теміржан Бекқалиұлы жүргізді. Семинар барысында алдымен тренинг ережелері әзірленіп, пре-тест өткізілді. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттарының анықтамасы, гранттармен жұмыстың нормативтік-құқықтық аспектілері, «АБҚО» КЕАҚ гранты байқауына қатысу шарттары, конкурсқа қатысу үшін өтінім берудің қадамдық алгоритмі туралы толық мағлұмат берілді. Шара ҮЕҰ қолдауға арналған Азаматтық орталығы кеңсесінде өткізілді.
#cisc2020#qogamgov