Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Ақтөбе облысы үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы Азаматтық орталығының ұйымдастыруымен кеше семинар-тренинг өткізілді.

Шара барысында үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға қатысудың жолдары көрсетілді.

— Қазіргі уақытта азаматтық қоғамды дамыту аса маңызды болып отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында: «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», — деген болатын. Президенттің осы тапсырамсын орындау мақсатында «Ақтөбе облысы үкіметтік емес ұйымдар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Азаматтық бастамалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранты бойынша биыл да өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл жобаның мақсаты — облыстағы үкіметтік емес ұйымдарға «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау көрсете отырып, аймақтағы азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру. Ол бірнеше бағыттан тұрады. Оның бірі — үкіметтік емес ұйымдарға арналған семинар-тренингтер ұйымдастыру. Биылғы алғашқы семинар мемлекеттік сатып алуға қатысу жолдарын үйретуге арналды, алдағы уақытта өткізілетін семинарлар барысында халықаралық және мемлекеттік гранттарға қатысу, жобалар жазу жолдары көрсетіледі, — деді аталған қауымдастық президенті Айгүл Дүйсенова.

Сондай-ақ, шара барысында конкурсқа қатысуға өтінім берудің қадамдық алгоритмі көрсетілді. Қатысушылардың пікірлеріне сәйкес семинар жоғары деңгейде өтті, қызығушылық тудырған барлық сұрақтарға жауаптар алынды және олар болашақта «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» байқауына қатысуды жоспарлап отыр.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

npoaktobe2020

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>