"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Дін жөнінде мәселелер көтерілді

ҮЕҰ қолдау Азаматтық орталығының қоғамдық қабылдауында “Аңсар” қоғамдық бірлестігінің басшысы Төлеубай Әлібек Сиражеддинұлы

қабылдау өткізді. Кездесу барысында дін мәселелеріне қатысты, үкіметтік емес ұйымдар төңірегінде сұрақтар қойылып, кәсіби кеңестер берілді. Мәселен, Гүлдана Ерболатова  мен Ерәділ Үббіниязов дәстүрлі Ислам діні мен теріс ағымдар туралы, оларды ажырату жолдары мен дұрыс діни көзқарас қалыптастыру үшін қандай кітаптар оқу қажеттігі жөнінде ақпарат алса, Б.Тұрсахметов деген азамат қоғамдық бірлестік ашу жолдарын, ол үшін қандай құжаттар қажеттігін сұрады.
Айта кетейік, «Ақтөбе облысында бір терезе қағидаты бойынша Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау Азаматтық орталығы» жобасын «Ақтөбе облысының ҮЕҰ Қауымдастығы» ЗТБ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»  КЕАҚ Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қолдауымен мемлекеттік грант аясында жүзеге асырып отыр.
#CISCGRANTS2019
#qogamgovkz

Leave a Reply

Your email address will not be published.

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>