29 қазан күні сағат 11.00-де Тургенев көшесі, 72 мекен-жайы бойынша “Ақтөбе облысындағы аутизммен ауыратын балалардың ата-аналары Қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің “РАСтемки” орталығы ашылады.
Бұл орталық қала әкімдігі мен қалалық спорт бөлімінің қолдауымен және қайырымдылық марафон нәтижесінде жиналған қаражат есебінен ашылғалы отыр.
Аталған жобаны жүзеге асыру үшін Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау Орталығы арнайы кеңсе ұсынды.