2019 жылдың 21-25 қазан күндері ҮЕҰ қолдау Азаматтық орталығының қоғамдық қабылдауында «Элит Агро» қоғамдық қорының төрағасы Марина Цыганкова қабылдау жүргізді.
Бұл шараға келген азаматтарды толғандырған мәселелер тыңдалып, кеңес берілді. Мәселен, «Алаш» қоғамдық бірлестігінің басшысы Әлібек Елеусізов Ақтөбеге белгілі спортшылар Қанат Ислам мен Ардақ Назаровты шақырып, жастармен кездесу өткізу үшін демеушілер қажеттігін алға тартты. Талқылай келе бұл мәселені кәсіпкерлерге, спорт федерациясына жеткізу қажеттігі, басқа да қаржы көздерін қарастыру қажеттігі айтылды.
Еске сала кетейік, «Ақтөбе облысында бір терезе қағидаты бойынша Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау Азаматтық орталығы» жобасын «Ақтөбе облысының ҮЕҰ Қауымдастығы» ЗТБ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қолдауымен мемлекеттік грант аясында жүзеге асырылып отыр.