Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Біз қаламызды жақсартамыз!

Дін істері басқармасы мен «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығы Қазақстан халқының Рухани келісім күніне арналған «Біз қаламызды жақсартамыз!» атты кең көлемді эко-акция ұйымдастырды.

Бұл акция жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Оған облыстық, қалалық діни ұйымдар, этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты. Шара мақсаты — қоғамдық бірлікті нығайту, тұрғындарды қаламызды таза ұстауға шақыру.

Аталған шараға облыстық, қалалық діни ұйымдар, этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты. Қоғамдық бірлікті нығайту, тұрғындарды қаламызды таза ұстауға шақыру мақсатында өткізілген эко-акция алдымен Тұңғыш Президент саябағындағы Рухани келісім аллеясында басталды. Түрлі конфессиялар мен ұлттық орталықтар мүшелері тал отырғызды. Одан соң Плоггинг — яғни, «жүгіре отырып, қоқыс жинауға» бағытталған эко-марафон өткізілді. Бұл марафон кезінде желаяқтар аулаларды қоқыстан тазартты. Одан әрі акция діни конфессиялар мен діни ұйымдардың қатысуымен спорттық турнир өткізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>