Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Біз қаламызды жақсартамыз!

Ертең, 12 қазан күні, Дін істері басқармасы «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығымен бірге Қазақстан халқының Рухани келісім күніне арналған «Біз қаламызды жақсартамыз!» атты кең көлемді эко-акция өткізеді.

Бұл акция жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Оған облыстық, қалалық діни ұйымдар, этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысады.

Шара мақсаты — қоғамдық бірлікті нығайту, тұрғындарды қаламызды таза ұстауға шақыру.

Акция 9.30-да Тұңғыш Президент саябағындағы Рухани келісім аллеясында басталады. Одан соң Плоггинг — яғни, «жүгіре отырып, қоқыс жинауға» бағытталған эко-марафон өткізіледі. Бұл марафон кезінде желаяқтар аулаларды қоқыстан тазартады. Одан әрі акция діни конфессиялар мен діни ұйымдардың қатысуымен өтетін спорттық эстафетаға жалғасады.  

Қосымша сұрақтар үшін 87014944454 телефоны бойынша Айгүл Дюсеноваға хабарласуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>