Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫ ӘРҚАШАН КӨМЕККЕ ДАЙЫН!

Қызыл Ай қоғамыныңАқтөбе облыстық филиалы қайырымдылық-гуманитарлық көмек көрсету шаралар жыл басынан бері тұрақты ұйымдастырып келеді.

Жыл басынан бастап мұқтаж азаматтарға азық-түлік пакеттері беріліп, түрлі акциялар, оқулар өткізілді.

Мәселен, Ақтөбе қаласының 150 жылдғына орай ұйымдастырылған «150 игі іс» акциясы аясында 150 жанұяға азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек көрсетілді, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі 50 көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге көмек көрсетілді. Бұған қоса төтенше жағдай департаментімен бірігіп, «Көктем» атты республикалық штабты командалық оқулары, эвакуациялық жане алғашқы көмек бойынша оқулар өткізілсе, облыстағы жас сақшылар арасында өткізілген жарыста Қызыл Ай қоғамының алғашқы көмек инструкторы алғашқы көмек көрсету бойынша емтихан қабылдады.

Сәуір-мамыр айларында 65 тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға «Бургер Кинг» компаниясында орнатылған қайырымдылық жәшіктерінен жиналған 300 000 теңгеге азық-түлік пакеттері табысталды. Сондай-ақ, қоғам қызметкерлері мен еріктілері Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері қызметкерлерімен бірлесіп азық-түлік өнімдерін тарату акциясын өткізді.

Ал балалар күні қарсаңында қоғам филиалы «Fly Time» батут орталығымен және «Бургер Кинг» мейрамханалар желісімен бірлесіп аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына, әкесіз қалған және мүгедек балаларға арналған акция ұйымдастырды. Оқушылар сарайында өткен «Жылы ұя» атты қайырымдылық акциясы аясында 2 баланың еміне 470 024 теңге көлемінде қаржы жиналды. Қайырымдылық жолдаулар (Добрые Посылки) акциясы аясында 250-ге жуық отбасына көмек көрсетілді.

Аталған қоғам облыстық қан орталығымен бірлесіп, жыл сайын донорлық шаралар да ұйымдастырады. Мысалы, биыл да М.Бөкенбаев атындағы ІІМ Ақтөбе заң институтында облыстық қан орталығымен бірлесе отырып «Мен донормын» акциясы өткізілді.

Ақтөбе облысының жастар саясаты басқармасының қолдауымен Дүниежүзілік донор күніне сәйкес өткізілген «Твори добро» акциясына «Ваниль» кондитерлік орталығы мен «Керуен Сити» ОСО демеушілік көрсетті.

— Донор болу — баланы өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына, басқаларға қамқор болуға, мейірімділікке баулиды. Бұл шара барысында тұрақты донорларға марапаттау және естелік сыйлықтары берілді, — дейді аталған қоғам филиалының басшысы Нүрлан Үдербай.

Биыл сондай-ақ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында алғашқы көмек көрсету бойынша мастер класстар, физика-математикалық мектеп оқушыларына алғашқы көмек көрсету бойынша тренинг, су жағажайларында оқытулар, белгілі тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылды. Аталған қоғам «Мектепке жол» акциясына да белсене араласады. Мысалы, тамыз айында Қызыл ай филиалы қалалық әкімдікпен бірлесе отырып 25 балаға жалпы 472 мың тенгеге мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім мен мектеп сөмкелерін алып берді.

— Қыркүйек айында Қызыл Ай қоғамы Ақтөбе облыстық филиалы облыстық білім басқармасы берген тізім бойынша, «СНПС-АқтөбеМұнайГаз» акционерлдік қоғамының демеушілігімен 19 балаға 385 мың тенгеге қыстық киім, спорттық киім мен аяқ киім және де қыстық аяқ киімдерін табыстады. Араб Әмірлігінен 129 балаға 3 483 000 көлемінде кеңсе заттарын алу үшін 27 мың теңгеге сертификат табысталды. Сондай-ақ, мектеп оқушылары арасында алғашқы көмек көрсету бойынша тренинг, заң институтында алғашқы көмек көрсету бойынша курсанттар арасында жарыс өткізілді, — дейді Н.Үдербай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>