Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Бүгін, 10-қазан күні ҮЕҰ қолдау Азаматтық орталығында (Прохоров көшесі,11) Ақтөбе облыстық заң кеңесшілері паласының мүшесі  Дания Көптілеуова тұрғындарды қабылдады.

Шара барысында үкіметтік емес ұйымдарды құру, тіркеу мәселелеріне қатысты заңгерлік кеңестер берілді. Кездесуге келген тұрғындардың бірі қор құрудың құқықтық тәртіптері жөнінде білгісі келсе, енді бірі қордан шығып кеткен құрылтайшының орнына басқасын тағайындау, қор мүлкін бөліске салу мәселелеріне қатысты кеңес алды. Енді бірі спорттық турнир өткізу мақсатында қор құру мәселесі жөнінде кеңес сұрады. Келушілердің барлығы да өз сұрақтарына толық жауап алды. Шара барысында аталған заңгерлік кеңесшілер палатасының мүшесі Нина Бейісова да құқықтық кеңестер берді.
Айта кету керек, аталған кездесу  Ақтөбе облыстық ҮЕҰ Қауымдастығы мен заң кеңесшілері Палатасы арасындағы келісім-шарт аясында ұйымдастырылды. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>