Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛЕДІ

2019 жылдың 11 қарашасы күні сағат 15.00-де С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің кіші мәжіліс залында (4-қабат) Батыс аймағындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу аясында қорытынды кездесу өткізіледі.

Шара барысында мониторинг нәтижелері ұсынылады, сондай-ақ, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясында түрлі шараларды ұйымдастыру/өткізу бойынша қызметтер көрсету. СҚО мен «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының қызметін қамтамасыз ету » жобасын жүзеге асыру сапасын арттыруға, оны жетілдіруге қатысты ұсыныстар да айтылады. «Жасыл ел» еңбек отрядтары мен облыстық еңбек маусымының жұмысы қорытындыланады.

Кездесу мақсаты — тапсырыс берушілердің, жеткізушілер мен, бенефициарлардың өкілдерінежоба мониторингі нәтижелері туралы ақпарат беру.

«ДЕСАНТА» қоғамдық қоры №73 келісім-шартқа сәйкес, «Батыс аймақта — Ақтөбе, Атырау, батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға қатысты мониторинг жүргізу» жобасын жүзеге асырады. Бұл жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің «Азаматтық қоғам істері жөніндегі Комитеті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүргізіледі.

Бұл кездесуде кез-келген мүдделі тұлға өзін толғандырған мәселе төңірегінде сұрақ қойып, пікір білдіре алады.   

Қосымша ақпарат алу үшін +7 705 988 48 91 байланыс телефонына Цыганкова Марина Юрьевнаға хабарласуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>