"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ақтөбе облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің және сараптау тобының қатысуымен бірінші қажеттілік тауарларының бағасына және коммуналдық тарифтерге мониторинг жүргізілді.

Сондай-ақ, бұл шараға мемлекеттік және құқық қорғау құрылымдары, БАҚ өкілдері де шақырылды.

Аталған шара қала бойынша «Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдастыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен жүзеге асырылды.

Бастапқы кезеңде ҚР Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, бірінші кезектегі қажетті тауарларға және Ақтөбе облысындағы, соның ішінде Ақтөбе, Хромтау, Шалқар және Алға қалаларындағы коммуналдық тарифтерге мониторинг жүргізілді.

Шара барысында МСА мониторингін жүргізу әдістемесін, атап айтқанда, бақылау әдісін пайдалана отырып, кемінде 12 ұйымға, оның ішінде көтерме және бөлшек сауда нүктелері, супермаркеттер, бірінші қажеттілік тауарларын сататын және коммуналдық қызметтерді ұсынатын базарларға бару жоспарланған болатын. Жоспары толықтай орындалды.

Сауалнама арқылы кемінде 60 адамнан пкір алынды. Бұған қоса Ақтөбе облысында коммуналдық қызметті пайдаланып отырған кемінде 85 адамнан, 15 мемлекеттік қызметкерден де сауалнама алынды. Сұхбат әдісі алынған сауалнама қорытындысы шығарылды.

Мейрамгүл Сатаева.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>