Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

«Рухани келісім күніне» арналған қайырымдылық концерті өтті

2018 жылдың 18 қазан күні Облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай қайырымдылық концерті болып өтті. Аталмыш шараны «Облыстық дін істері басқармасы» ММ мен «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығы» ЖМ ұйымдастырды. 

Сондай-ақ, бұл мерекелік шараға облысымыздағы жергілікті діни бірлестік өкілдері белсене атсалысып, концерттің жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосты. 
Сонымен бірге, әр-түрлі діни бірлестік өкілдерінің орындауындағы қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек халықтарының ұлттық нақыштағы өнер туындылары көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Қайырымдылық шарасы барысында қарттарға және мекемеге сыйлықтар табысталды. 
Концерттік бағдарлама аяқталысымен мекеме басшылығы мен ардагерлер барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыстарын жаудырып, ғажайып әсер алғандарын білдірді. «Рухани келісім күні» мерекесіне арналған мәдени-көпшілік шаралар ертең, яғни 17 қазан күні үстел теннисінен жергілікті діни бірлестік өкілдері және дін істері басқармасы мен «Аңсар» орталығы мамандарының қатысуымен өтетін спорттық турнирмен жалғасатынын естеріңізге саламыз! Сайыс Ақтөбе қаласы, Смағұлов көшесі 5В мекен-жайы бойынша өтеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>