Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Жастар корпусын дамыту жобасы

Бүгін 1 қазан күні “Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы”, Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығы, Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары А. Маханованың қатысуымен, жастар корпусын дамыту жобасы «Zhas Project» жобасы аясында Ақтөбе қаласынан грант иегері атанған 3 топ қатысушыларының олардың ішінде «Real» фотостудиясы, нәзік жандарға арналған «BeAUTY» әсемдік салоны және «Be smart» ағылшын тілін дамыту орталығы ашылу салтанаты өткізілді.

Жоба аясында «BeAUTY» әсемдік салоны – тұрмыс жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы аналар, сондай-ақ аналар үйі тұрғындарының одан әрі сұлу бола түсуіне жағдай жасау мақсатында ашылды. Салон шеберлік курстарына шақырумен қатар қыз келіншектердің әрлеу, әсемдеу ұғымдарына үйретіп, әлеуметтік моральдық қолдау көрсетеді, «Real» фотостудиясы және «Be smart» дамыту орталығы қаланың тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі тұрғындарына 6 айлық тегін әлеуметтік қызметтерін көрсететін болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>