29 тамызда сағат 10:00-де Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен «Ата-Заңым айбыным» атты Ақтөбе мектеп лигасының пікірсайыс турнирі өтті. (Прохоров көшесі, 11). Турнирде жоғарғы сынып оқушылары өзінің көзқарасын, өз командасының мүддесін сауатты және нақты қорғай алды. Бұл іс-шара «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Конституция күніне арналған бірқатар іс шаралар өткізу жоспары барысында өтті.
Мақсаттары:
Қазақстан Республикасының Конституциясын және мемлекеттік рәміздерін насихаттау;
Жоғары класс оқушылары арасынан шешендік шеберлігі бар, өзінің көзқарасын, өз командасының мүддесін сауатты және нақты қорғай алатын жас көшбасшыларды іздеу және оларға қолдау көрсету;
Нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қалыптастыру, жастардың логикалық ойлау қабілеті жетілдіру;
Ақтөбе қаласында жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту;
Жастар арасында ұлттық рухты кеңінен насихаттау;
Жастардың бойында патриоттық және азаматтық қасиеттерді дамыту, құқықтық ақпараттық сауаттылығын арттыру.
Ойындар қазақ және орыс лигасында британдық-парламенттік формат бойынша өткізілді. Турнир 3 іріктеу айналымынан, қазақ және орыс лигаларында ¼, жартылай финал және финалға бөлінді.
Турнирдің жеңімпаздары, үздік спикерлер мен үздік төрешілер және белсенділік танытқандар –дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттар, кубоктар және сыйлықтармен марапатталды.