2018 жылдың 29-тамызында, Қазақстан Республикасының Конституция Күні қарсаңында, «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» қоғамдық бірлестігі тірек-мүшелері зақымдалған мүгедек-спортшылардың қатысуымен «Жігерлі азаматтар» атты тақырыптық кездесу өткізді.
«Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» қоғамдық бірлестігі өз мүшелерін кеңес беру, арнаулы және бейімделу қызметтері бойынша қолдауды жүйелі түрде көрсетіп келеді. Бұл тақырыптық-танымдық даму, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру. Биылғы жылдың тамыз айында Өскемен қаласында өткен жеңіл атлетикадан республикалық чемпионатта облысымыздан барған тірек мүшелері және көру мүшелері зақымдалған спортшылардан құралған құрама команда 12 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған болатын. Осыған орай, бүгін, Қазақстан Республикасының Конституция Күні қарсаңында, қуаныштарымен бөліссін, қиындықтарды жеңуге, азаматтық ұстанымның жағымды үлгісін алсын, өзара жайдары пікірлессін деген мақсатпен мүгедек-спортшылар мен жастардың кездесуін ұйымдастырылды.
Кездесу бағдарламасында, сондай-ақ, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан және мүгедектер спорттық клубынан алғыс хаттар ұсынылады.
Ұйымдастырушылар:«Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қолдауымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ақпараттық-кеңестік қызметтерді көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін, «Ақпараттық кеңес» – жобасын жүзеге асыру аясында.