Бүгін, тамыз айының 28 сағат 11:00-де «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Конституция күніне арналған «Алтын арқау – Ата Заң» атты шығармашылық байқау өткізді. Бұл шара С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен жұмыла ұйымдастырылды.
Аталған байқаудың мақсаты мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтау, жас ұрпақты Ата Заңды білуге, құрметтеуге , насихаттау арқылы патриоттық сезімдерін ояту. Байқауға жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық қатысушылар белсенділік танытты.
Байқаудың шарты бойынша қатысушылар танымал ақындардың бірінің патриоттық тақырыптағы, Ақтөбе өңірінен шыққан белгілі ақындардың шығармашылығынан өлеңдерді мәнерлеп айтып блиц сұрақтарға жауап берді. Қатысушының мәнерлеп оқу, киім үлгісі, сахналық мәдениеттілік критерийлерін ескере отырып қазылар алқасы жас санатына байланысты екі I, II, III жүлделік орындар және белсенділік танытқаны үшін бес орын тағайындады. Жүлдегерлерге сыйлықтар мен диплом берілді.