Ағымдағы жылдың 4 шілдесі ауданымызға, отбасылық құндылықтар, неке – отбасылық қатынастарды, гендерлік теңдікті дамытуды ақпараттық-ағарту шараларын жүргізуге «Отбасылық десант» атты акциясы аясында Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Хон Ақмарал Рахметуллиевна бастаған жұмысшы тобы келіп, қаламыздың әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандарын аралап, жұмысымен танысты.
Алға ауданы әкімінің орынбасары С.Бисеновтың төрағалығымен жұмысшы топ мүшелері ауданның қыз-келіншектерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында отбасылық құндылықтар, бала тәрбиесі, қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі, отбасындағы әйелдің рөлі тақырыптары аясында әңгіме қозғалып, ашық пікір алаңы өтті. Жұмысшы топтың психолог мамандары жиыннан кейін тренингтер жүргізіп, қыз-келіншектерді жеке сұрақтары бойынша қабылдаулар өткізіп, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.